Malim.kz
Спорт

Паралимпиада-2024. Пара волейболдан Қазақстан құрамасы Египетке есе жіберді

Malim Админ

XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Египеттен жеңілді.

Ойынның бірінші және екінші партиясы 21:25, 23:25 есебімен қарсыластың еншісіне кетсе, үшінші партияда Қазақстан құрамасы 25:16 есебімен жеңіске жеткен болатын. Дегенмен төртінші сет Египеттің пайдасына 25:18 есебімен аяқталды

Айта кетсек, Паралимпиада ойындарына волейболдан сегіз команда қатысып, А және В топтарына бөлінген. Әр топтан үздік екі команда жартылай финалға шығады.

Фото: qazsporttv.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары