Malim.kz
Спорт

Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды

• Арман Қайыпхан

Қытайдың Ханчжоу қаласында параволейболдан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай командасын жеңді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ханчжоуда өткен финалда ұлттық құрамамыз Қытайды 3:2 есебімен жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңіс командамызға 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама берді.

Сонымен қатар, үш ойыншымыз жеке марапатқа ие болды:

Эрик Каскабаев – үздік доп беруші;

Шыңғыс Медеуов – үздік либеро;

Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы.

Еске салсақ, 2024 жылғы Париж Паралимпиадасында параволейболдан ұлттық құрама 5-і орын иеленген болатын.

Фото: t.me/qazsporttv

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары