Malim.kz
Спорт

Париж-2024: Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды

• Сабина Асқарқызы

Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның ту ұстаушылары анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл құрметке боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ие болды.

Шымбергенов – бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны, әлем чемпионы (2023 жыл) және Азия чемпионы (2022 жыл).

Сафронова өз кезегінде Азия чемпионатында (2017) және Азия ойындарында (2014) жеңіске жетті.

Сондай-ақ резервке балуан Нұрсұлтан Тұрсынов пен семсерлесуші Әйгерім Сарыбай ұсынылған.

Фото: ҚР ҰОК

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары