Malim.kz
Спорт

Париж Олимпиадасына қатысқан спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сабина Асқарқызы
ҰОК

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды Malim.kz.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Самирхон Абабакиров жарысты сәтті өткізіп, жартылай финалға дейін жетті.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы ирандық Махди Хаджимусаимен күш сынасты. Финалға жолдама сарапқа салынған тартысты кездесуде қарсыласы 2:0 есебімен басым түсті.

Осы нәтижемен Самирхон Абабакиров құрлық чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) де қола медаль жеңіп алған еді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары