Malim.kz
Саясат

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Айбын Атабай
Kazinform/ parlam.kz/ Kazpravda.kz

Елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиында Мәжіліс пен Сенат депутаттары Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарайды.

Айта кетейік, жақында есептерді Сенатта талқылау барысында былтырдың қорытындысы бойынша ұлттық экономиканың өсімі 6,5 пайызды құрағаны аталып өтті. Бұл оң динамика инвестиция көлемінің артуының, іскерлік белсенділіктің жандануының және өңдеу өнеркәсібі секторының нығаюының нәтижесінде қамтамасыз етілгені де назарға алынды.

Сонымен қатар сақталып отырған бюджеттік ынталандыру инфляциялық қысымды күшейтіп, халықтың нақты табысының төмендеуіне әсер етті. Осыған байланысты сенаторлар бюджетті жоспарлаудың сапасын арттыру қажет екенін айтып, бірқатар жүйелі мәселеге назар аударды.

10 маусым күні Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылы әлеуметтік міндеттемелер толық орындалғанын айтты. 

Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылы еліміздің алтын-валюта резервтері 42,8 пайызға өскенін мәлім етті. 



 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары