Парламенттің қарауына «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді.
Осы орайда бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттарын сайлау мәселесі қаралды.
— Конституциялық заң жобасы осы жылғы 15 наурызда Республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленді. Заң жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Президенттің заңнамалық бастамасы тәртібімен, ҚР Мемлекет басшысының арнайы жолдауымен Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Конституциялық заң жобасы Президенттің және ҚР Вице-президентінің құқықтық жағдайын айқындайды, — деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Снежанна Имашева.
Оның айтуынша, құжат жобасы 8 тараудан және 43 үш баптан тұрады
Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жақын арада бірқатар маңызды заң жобасы Парламент қарауына енгізілетінін мәлімдеген еді.