Malim.kz
Құқық

Парламент «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасын қарайды

Айбын Атабай
Виктор Федюнин / Kazinform

Парламент қарауына «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді.

Атап айтқанда, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына депутаттарды сайлау мәселесі талқыланды.

- Заң жобасы жаңа Конституция нормаларын іске асыру мақсатында әзірленді. Жоба қоғамдық келісімді нығайтуға, мемлекет пен қоғам арасында диалогты қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасында Қазақстан Халық кеңесінің құқықтық мәртебесі, оның өкілеттіктері, құрамы және жұмыс тәртібі айқындалады, - деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, 29 сәуірде ҚР Парламентінің қарауына «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы жобасы енгізілді.

Сонымен қатар Парламент депутаттары Президент туралы Конституциялық заң жобасын талқылайды. 
Айта кетейік, Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда өтеді.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жақын арада бірқатар маңызды заң жобасы Парламент қарауына енгізілетінін мәлімдеген еді. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары