Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің студиясына Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың келгенін айтып, оған ерекше құрмет көрсетті, деп Malim.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Баян Алагөзова өнер иесін жылы қарсы алып, ақжарма тілегін жеткізген. Ол Мақпал Жүнісоваға қарап: "Бізге қонаққа кім келгенін қараңыз. Мақпал Жүнісованың өзі келді, патшайым. Патшайым, біз сізге иілеміз. Ешкімге иіліп сәлем бермейміз, бірақ сіздің алдыңызда иілеміз", – деген.
Сондай-ақ продюсер әншіні кабинетіне шақырып, шай ішуді ұсынған. Өз сөзінде ол Мақпал Жүнісованың студияға келіп, бір дубльмен ән жазып кететінін айтқан.
Желі қолданушылары бұл сәтті жылы қабылдап, екі өнер иесінің кездесуі көпшіліктің ықыласына бөленді.