Malim.kz
Құқық

Павлодар облысында адамды бауыздап, тынығып отырған қария ұсталды

Malim Админ

Павлодар облысында адамды бауыздап тастаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеолардың бірінде ер адам тұрғынды пышақтап, артынша түк болмағандай орындықта тынығып отырғаны көрсетіледі. 

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиға орнына медицина қызметкерлері келіп, ер адам қайтыс болғанын анықтағанын айтты. 

16 маусымда сағат 19.23-те ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түсті. Ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен, - дейді басқарма өкілдері. 

Жергілікті Полиция департаменті күдікті ұсталғанын хабарлады. 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды, - ПД өкілдері.  

Фото: видеодан кадр

Malim Админ
Автордың басқа материалдары