Malim.kz
Оқиға

Павлодар облысында есірткіге мас күйде КамАЗ жүргізген азамат ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Павлодар облысының Ақсу қаласында полицейлер КамАЗ көлігін тоқтатып, жүргізушінің есірткіге мас болуы мүмкін екенін байқаған. Құжаттарды тексеру кезінде күдік расталып, ер адам бірден медициналық сараптамаға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығының м.а. Айдар Сламбековтің айтуынша, медициналық тексеріс жүргізушінің есірткі әсерінде болғанын нақты анықтаған.

Оның айтуынша, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі айыптұраққа қойылған. Істің материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды жолда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Егер мас адам көлік жүргізгелі жатқанын немесе жүргізіп бара жатқанын байқасаңыз, дереу «102» нөміріне хабар беруді сұрайды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары