Malim.kz
Оқиға

Павлодар облысында жер үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Айбын Атабай
pixabay.com

Павлодар облысының Ертіс ауылында жер үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. 

Тілсіз жау туралы хабар «101» қызметіне бүгін таңғы сағат 08:33-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минутта жеткен. Олар келген кезде жер үй толығымен отқа оранған: жиһаз, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып, қою түтін шыққан.

«Қиын жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан-ақ зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Олар кәмелетке толмаған үш баланы құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылған. Алайда, өкінішке қарай, екі бала ауруханада көз жұмды», – деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖ департаменті.

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары