Павлодар облысында екі жеңіл көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Malim.kz.
Облыстық полицияның мәліметінше, 19 маусым күні «Омбы – Майқапшағай» автожолында Changan және Skoda Rapid автокөліктері соқтығысқан.
Апат салдарынан Skoda Rapid көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Ал Changan көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі уақытта екі көлік арнайы айып тұрағына қойылып, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.