Malim.kz
Оқиға

Павлодар облысындағы ферроқорытпа зауытында жұмысшы көз жұмды

Айбын Атабай
istockphoto.com

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп.

«2026 жылғы 20 сәуірде металл ұсату жұмысы кезінде Ақсу ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болды. Ұсатушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабар беріліп, тергеу басталды», – деп мәлімдеді «Қазхром» ТҰК» баспасөз қызметі.

Компания басшылығы қаза тапқан азаматтың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары