Malim.kz
Оқиға

Павлодар облысындағы зауытта жұмысшы күйіп қалды

• Айбын Атабай
pexels

Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шараларын ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болды. Зауыт жұмысшысы өндіріс орнында күйіп қалған.

– Аталған оқиға 12 қараша күні болған. Қазіргі уақытта тексеру, тергеу іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның қалай өрбігенін, себеп-салдарын анықтаймыз. Күйіп қалған ер адам екені анықталды. Зардап шегушінің жасы, кім болып еңбек ететіні туралы мәлімет қолымызда жоқ, - деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Жалпы Ақсу ферроқорытпа зауытында қызметкерлердің күйіп қалу оқиғалары жиі қайталанатыны байқалады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары