Malim.kz
Құқық

Павлодар облысының тұрғындары алаяқтарға 3 млрд теңге берген

• Malim Админ

Сенгіштердің көбі зейнетақы жасына жақындап қалған азаматтар деп жазады pavon.kz басылымы.

Алаяқтарға ірі көлемдегі қаржы аударатындардың дені солар екен. Жыл басынан бері облыс аумағында 1205 интернет-алаяқтық тіркеліпті.


- Сараптама, 50-59 жас аралығындағы азаматтар көп алданатынын көрсетіп отыр. Жапа шегушілердің дені осы жастағылар. Оның ішінде әйелдер жағы басым - 800 адам. Ерлер екі есе аз. Жыл басынан бері облыс тұрғындары алаяқтарға 3 млрд теңге жіберді. Олар - эмоциялық қысымның, қорқытып-үркітудің, тез арада баюға уәденің құрбандары, -


дейді, Павлодар облысының полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асхат Абетжанов.

Фото: pavon.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары