Павлодарда ер адам көпқабатты үйдің подъезіне бензин шашып, тұтас үйді өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq ruhy сайтына сілтеп.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам подъезге жүгіріп жүріп, қабырғаларына, еденіне бензин шашқан.
Павлодар облысының Полиция департаменті құқық бұзушының кім екені анықталғанын хабарлады.
«Оны қолға түсіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды, материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жолданады», – деп хабарлады полиция.
ПД мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.