Malim.kz
Білім-ғылым

Павлодарда 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері тарап кеткен

Сабина Асқарқызы
ашық дереккөзден

Павлодар қаласында екі мыңнан астам мұғалімнің жеке мәліметтері ашық интернет ресурстарында тарап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қаладағы бірқатар мектептер мемлекеттік сатып алу порталында медициналық тексеру қызметтерін сатып алу бойынша хабарландырулар жариялаған. Осы процесте 28 білім беру ұйымы конкурс құжаттарына өз қызметкерлерінің жеке деректерін енгізіп жіберген.

Атап айтқанда, құжаттарда мұғалімдердің анкеталық мәліметтері, тұрғылықты мекенжайлары және байланыс телефон нөмірлері көрсетілген.

Қадағалау органының айтуынша, бұл жағдай еңбек заңнамасының талаптарын бұзумен қатар, жеке деректердің алаяқтық мақсатта пайдаланылу қаупін тудырған.

Прокуратураның қадағалау актісінен кейін 2 065 қызметкердің жеке деректері ашық дереккөздерден жойылды. Сонымен бірге, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары