Malim.kz
Құқық

Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер қолға түсті

Айбын Атабай
ІІМ

Жыл басынан бері Павлодар облысы полициясы тергеу органдарынан жасырынған қылмыскерлердің орнын анықтаған. Іздеуде жүрген барлығы 15 қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz  kazinform.kz-ке сілтеп. 

Ұсталған қылмыскерлердің ішінде тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары, көлік ұрлығы және есірткі қылмыстары бойынша іздеуде жүргендер бар. Мысалы, туған елінде жол-көлік оқиғасын жасап, қаржыны жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Душанбедегі әріптестерімізге хабар берілді, — деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары әділеттен қашып құтылудың ешбір жолы жоқ екенін айтады. Қашқындар тіпті шетелде жасырынса да, жасаған әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтылмайды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары