Malim.kz
Құқық

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға зәбір көрсеткен пансионат анықталды

• Мәди Саматұлы

Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтаған.

Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген, деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Көрсетілген деректер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылған.

Фото: gov.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары