Malim.kz
Оқиға

Павлодардағы Лениннің 100 жыл тұрған ескерткішін дауыл құлатты

• Malim Админ

Павлодарда дауылдан құлаған шырша қаладағы скверлердің біріндегі Ленин ескерткішін күл-парша етті.


Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл жағдай 8 қарашаға қараған түні болған. Дауыл алдымен ағашты құлатқан, ал ол Ленин ескерткішіне түскен.

"Дауыл салдарынан Ленин ескерткішіне ағаш құлады. Тұғырынан құлаған мүсін бөлініп қалды, қалпына келтіруге келмейді", - деп түсіндірді Павлодар әкімдігі өкілі.

Фото: instagram.com/tipavlo.dar

Malim Админ
Автордың басқа материалдары