Malim.kz
Құқық

Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты

Айбын Атабай
Instagram/01pk

Жазасын өтеп жатқан Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.      

Ведомство мәліметінше, Қайрат мекеме ішіндегі еңбекке тартылған. 

"Сотталған азамат мекемеде жұмысқа орналастырылды және қызметтік үй-жайларды жинаумен айналысады", - деп хабарлады ведомство. 

Перизат Қайрат — қазақстандық қоғам қайраткері және кәсіпкер. Үш жыл бойы ол Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған. 

2024 жылдың қарашасында Перизат 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналғаны айтылды. Бірақ тергеу нұсқасы бойынша, қаражаттың бір бөлігі Қайраттың жеке шығындарына - элиталық жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен саяхаттарға жұмсалған.

Қор қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Қайрат туыстарын тартқан. Іс бойынша оның анасы Ғайни Алашбаева да сыбайлас ретінде өткен.

2025 жылдың наурызында оның Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен жойылды.

16 шілдеде іс бойынша жәбірленушілер сотқа әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, қайырымдылық көмек көрсетуге шешім қабылдағандарын айтты. Сондай-ақ сотта тергеу амалдары барысында тәркіленген мүліктің тізімі оқылды.

Нәтижесінде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары