Malim.kz
Оқиға

Петропавл изоляторында азамат өзін өртеп жібермек болды

Арман Қайыпхан

Петропавл қаласындағы тергеу изоляторында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Malim.kz Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Оқиға 11 маусым күні кешке Заречное кентінде орналасқан №66 мекемеде болған. Тергеу астындағы 37 жастағы ер адам өзін-өзі өртемек болған. Ол аяғын дәретхана қағазымен орап, өртеп жіберген.

Зардап шеккен азамат көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Алғашқы диагноз — екі аяқтың екінші дәрежелі термиялық күйігі.

Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалады.

Қазіргі таңда күдікті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі — “екі немесе одан да көп адам бірігіп жасаған адам өлтіру” бойынша тергеліп жатыр.

Фото: pixabay

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары