Петропавл қаласының Уәлиханов көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, тұрғындарды эвакуациялады. Барлығы 33 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқарушылардың өрттің өршуіне жол бермей, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
ТЖМ өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу құтқару қызметіне хабарласып, сабыр сақтау қажеттігін ескертті.