Malim.kz
Оқиға

Петропавлда жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Петропавлда бірнеше күннен іздеуде болған 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz Qazaqstan Media басылымына сілтеме жасап.

Полицейлер мен еріктілер Ролан Зуевтың жансыз денесін Мещан орманынан тапқан.

"Ролан Зуевтың жоғалғаны туралы ақпарат бірінші ақпанда жарияланды. Полицейлер мен еріктілер бірден іздеу жұмыстарына кіріскен. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта, оның 14-ші қаңтардан хабарсыз кеткені жазылған. Ондағы ақпаратқа сенсек, Ролан Зуев қаладағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Кейін туғандарымен байланысқа шықпаған. Ресми арыз түскен соң полиция бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Анықталғандай ол тубдиспанрге такси шақыртқан. Аолицейлер мен еріктілер үшінші ақпан күні күндіз Мещан орманында тапқан. Денесінде күш көрсету, зорлық белгілері жоқ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырауда 9 қаңтарда жоғалған ер адамның мәйіті табылған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары