Malim.kz
Оқиға

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Сұлу Бөлек

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Оқиға 20 сәуірде Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда болды. Пойыз вагонының бірінде әйел сәбиін дүниеге әкеліп, артынша оны терезеден лақтырып жіберген. Сәбидің денесі табылды, ол көз жұмған.

Бұл дерек бойынша көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. 

"Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады.

Фото: Pixabay.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары