Malim.kz
Оқиға

Полиция майоры мас болған: Алматы – Қорғас тас жолындағы жантүршігерлік жол апаты

Айбын Атабай
Фото: видеодан скрин

Алматы – Қорғас тас жолында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа мәліметтер шықты. Тергеу мәліметінше, “Haval” көлігін басқарған полиция майоры Абылай Жарылқасынұлы оқиға кезінде мас болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, бұған дейін оқиғаға қатысты ресми ақпарат аз болған. Дегенмен қазір “Haval” көлігін тізгіндеген және Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы бойынша күдікті ретінде танылған адамның кім екені белгілі болған. 

“Қытайлық жол талғамайтын көлікті полиция қызметкері Абылай Жарылқасынұлы басқарған. Биыл сәуір айында ол 37 жасқа толған. Ол ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет еткен. Ал алты жыл бұрын ерлігімен де танылған. 2020 жылдың сәуірінде учаскелік полиция инспекторы болып жүрген Абылай Жарылқасынұлы аудандық ауруханада медицина қызметкерлеріне тіл тигізіп, тәртіп бұзған мас ер адамды тоқтатқан. Оның бұл әрекеті туралы Tengrinews те жазған болатын.

Кейін Абылай жедел уәкіл қызметіне ауысқан. Қызметі өсіп, майор шенін алған. Сондай-ақ “Haval” автокөлігін сатып алуға да мүмкіндігі болған. 23 маусым күні нақты не болғанын тергеу анықтап жатыр. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, Абылай Жарылқасынұлы күндіздің өзінде қатты мас болған. Кейін жүргізілген сараптама оның қанынан 3,3 промилле этил спирті анықталғанын көрсетті”, – деп жазды арна. 

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының бес қызы қаза таптыОқыңыз

Деректерге сай полицей соған қарамастан көлік тізгініне отырып, тас жолға шыққан. Тергеу мәліметінше, ол қарсы бағыттағы жолақпен жүрген. Оның жанында Айдар Рүстембеков есімді жолаушы болған.

Шамамен сағат 17:00-де, күн ашық, жол құрғақ кезде “Haval” жоғары жылдамдықпен қарсы бағытта келе жатқан ескі “Audi” автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан “Audi” жүргізушісі, 41 жастағы Ахметжан Жүнісов, оның 40 жастағы жұбайы Гүлхумар Махаметова және 20 жастағы қызы Дияра Тиіп қаза тапты. Ахметжан мен Гүлхумардың тағы екі баласы, сондай-ақ Дияраның бір жасқа да толмаған қызы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.  

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары