Malim.kz
Оқиға

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Арман Қайыпхан

Петропавлда сәуірдің 2-сіне қараған түні құқық қорғау органдарынан жасырынған жас жігіт ұзақ уақыт суда тұрып қалғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Петропавлдағы Солнечный елді мекеніне жақын жерден ауыр гипотермия белгілері бар 21 жастағы жігіт табылды. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

«Зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті тексеруге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Жергілікті пабликтер марқұм жігіттің тәртіп сақшыларына ұсталғаннан кейін қашпақ болып, суы бар шұңқырға жасырынғанын жазып жатыр.

Фото: istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары