Malim.kz
Экономика

Польша триллион доллармен клубқа кіруден дәмелі

Malim Админ

Дереккөз бен IMAGE: © DW - Неміс толқыны

Польша өзін "Үлкен жиырмалық" - G-20 елдерінің қатарына шақыруды сұрады. Бұл туралы DW - Неміс толқыны басылымы жазыпты.

Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский елінің G-20 қатарына кіруге хақылы екенін мәлімдеген.


"Біздің кіруге хақымыз бар. Бізбен, экономикасы әлемдегі алғашқы жиырмалықтағы ел ретінде ғана емес, сонымен бірге - саяси да, интеллектуалдық та қауқарымызбен санасу керек",-


депті ол.

Сол күні Польшаның премьер-министрі Дональд Туск те елдің экономикалық әлеуеті туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Польша 1 трлн доллар жалпы ішкі өніммен триллионер-мемлекетке айналыпты.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары