Польшада жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандық Екатерина Шилова өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам кісі қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеп.
Марқұмның әпкесінің айтуынша, кісі өлтіруге күдікті адам ұсталған. Алайда тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның басқа да мән-жайы әзірге жарияланбай отыр.
Қазір Екатерина Шилованың туыстары оның денесін елге жеткізіп, жерлеу үшін қаражат жинап жатыр. Әпкесінің айтуынша, барлық жерлеу рәсімдеріне қомақты қаржы қажет.
43 жастағы қазақстандық Екатерина Шилова шетелде жұмыс істеп жүрген. Ол ақпан айының соңында туыстарымен байланысын үзген. Жоғалған күні ол Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған, алайда рейске отырмапты. Кейін ол әпкесіне ұшудан бас тартқанын және Германиядан жақсы жұмыс тапқанын жазған. Бұл хабарлама туыстарын күмән туғызған, осыдан кейін Екатеринамен байланыс толық үзіліпті.