Malim.kz
Құқық

Президент: Ата Заңымызда бірлік пен келісімнің негіздері нығая түседі

Айбын Атабай
Kazinform; Akorda, primeminister

Бас құжатта жауапты әрі жасампаз отаншылдық ұғымы нақты жазылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Әділетті Қазақстан, Заң мен тәртіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатыны сияқты негізгі қағидаттар нақты көрсетілген. Білім, ғылым, инновациялар және мәдениет еліміздің теңдессіз басымдықтары ретінде айқындалды. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз және аумақтық тұтастығымыз мызғымас құндылықтар болып қала береді және еліміздің унитарлығы, жерінің тұтастығы мен басқару нысаны ешқашан өзгермейді деген аса маңызды сөздер бар. Ата Заңымызда бірлік пен келісімнің негіздері нығая түседі, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Бас құжатта жауапты әрі жасампаз отаншылдық ұғымы нақты жазылатынын атап өтті.

Бір сөзбен айтқанда, жаңа Конституция жобасын шын мәнінде озық, яғни түбегейлі жаңарған, әрбір тұсы сарапталған, сапалы жазылған мәтін деп атауға толық негіз бар. Онда конституциялық құрылысқа қатысты әлемдегі үздік тәжірибелер көрініс тапқан, адам құқықтары және ұлттық мүддеміз толық қорғалған, — деді Мемлекет басшысы.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары