Malim.kz
Оқиға

Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

Айбын Атабай
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барғанын жазған едік.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары