Malim.kz
Мәдениет

Президент көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Malim Админ

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді. 

Фото: Ақорда 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары