Malim.kz
Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарға тоқталды

Malim Админ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі.

Президент:

«Жалпы, алдағы бесжылдық шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керек. Ұлттық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек. Осының бәріне парламенттік бақылау жасау айрықша маңызды.

Әсіресе, сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы осы жұмысқа белсене атсалысады деп сенемін. Партияның тәжірибесі мол, қоғам тарапынан жан-жақты қолдау бар. Сондықтан, «Amanat» партиясы алдағы өзгерістердің бел ортасында болады деп үміттенемін» деп атап өтті.

P.S. Мемлекетіміз өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Алға қойған мақсатымыз айқын. Ол - дамыған, өркениетті, әділетті Қазақстанды халқымызбен бірге құру.

Бауыржан Серікбаев, сарапшы      

Malim Админ
Автордың басқа материалдары