Malim.kz
Саясат

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Сұлу Бөлек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі.

 ҚХА-ның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі

Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде ҚХА ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Мерейтой мен сессияға дайындық

Мемлекет басшысына:

Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды.

Президенттің тапсырмасы

Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Фото: Ақорда 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары