Malim.kz
Саясат

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Мәди Саматұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорданың мәлімдеуінше, отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сонымен қатар, премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

Фото: Ақорда

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары