Malim.kz
Саясат

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Айбын Атабай
Ақорда

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды.

Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.

— Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты, — делінген хабарламада.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары