Malim.kz
Саясат

Президентті енді Исабеков күзетеді

• Malim Админ

Cәкен ИСАБЕКОВ Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Мalim.kz akorda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген қаулыда.

Сонымен бірге, Ермек САҒЫМБАЕВ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

Фото: nur.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары