Malim.kz
Спорт

ПСЖ қатарынан екінші жыл Чемпиондар лигасын ұтты

Арман Қайыпхан
Фото: Reuters

Футболдан Чемпиондар лигасының финалында Францияның Paris Saint-Germain клубы Англияның Arsenal командасын пенальти сериясында жеңіп, турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесудің негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталып, онда париждік клуб 4:3 есебімен басым түсті.

Осылайша ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші рет жеңіп алды. Ал «Арсенал» клубы тарихындағы екінші финалда да жеңіліс тауып отыр. Лондондық команда бұған дейінгі финалда 20 жыл бұрын жеңімпаз атана алмаған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары