Malim.kz
Шоу-бизнес

"Қабылдамаймын!": Байырбекованың ұлы балалы әйелге үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ozgeris.info коллажы

Әнші Жазира Байырбекованың әпкесі Ләззат Байырбекованың ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Блогер Тәуіржанның жүрегі бұрын тұрмыста болған әйелге бұрылған екен.

"Ол "иә" деді", – деп жазды Тәуіржан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда оның анасы ұлының бұл шешіміне қатысты пікір білдіріп, әзірге "келін" деген сөзді қабылдауға асықпайтынын айтты.

"Келініңіз құтты болсын деп жатырсыздар. Бірақ ол сөзді мен тек шын келін болған кезде ғана айтамын. Әзірге қабылдамаймын. Келін, немере туралы тілектер айтып жатырсыздар – Алла қаласа, ол күнге де жетерміз. Балаларым үйленіп, өз шаңырақтарын құрған кезде ғана ондай тілектерді қабылдаймын. Рақмет! Сіздерге де сондай қуаныш бұйырсын. Бірақ мен қазір сеніп тұрған жоқпын. Ұлым шынымен ғашық болса екен деймін. Тәуіржан үйленуге шынымен дайындалсын, жинақталсын, достарының әзіліне айнала бермесін. Үйлену үшін де жағдай керек қой", – деді Ләззат Байырбекова.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары