Malim.kz
Спорт

«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта жеңілді

Арман Қайыпхан
Фото: «Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта бельгиялық «Андерлехттен» 0:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесуде қонақтар үш голдың барлығын бірінші таймда соқты. 2-минутта Яакко Оксанен есеп ашса, Лукашу Амброс 22-минутта бельгиялық клубтың басымдығын арттырды.

38-минутта «Қайрат» сапынан Александр Широбоков алаңнан қуылып, алматылықтар кездесуді кем құрамда жалғастырды. Үзіліске дейін Даниил Сикан үшінші голды соғып, «Андерлехттің» жеңісін іс жүзінде қамтамасыз етті.

Командалар арасындағы қарымта матч 27 тамызда Брюссельде өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады. Жеңілген команда Конференция лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары