Malim.kz
Спорт

«Қайрат» «Левскиден» жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Арман Қайыпхан
Фото: «Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Болгарияның «Левски» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп, турнирдің негізгі кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Матч «Түркістан Аренада» өтті. Кездесудегі жалғыз голды «Левски» футболшысы Рейналдо 13-минутта соқты.

Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жолын жалғастыра алмайды. Алматылық клуб еурокубок маусымын Еуропа лигасында жалғастырады. Команда келесі кезеңде «Андерлехт» немесе ПАОК клубтарының біріне қарсы ойнауы мүмкін. Сонымен қатар «Қайрат» Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне қатысуға жолдама алып қойды.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» бірінші раундта «Сутьесканы», екінші кезеңде кипрлік «Омонияны» жеңген болатын. «Омониямен» кездесуде алматылықтар пенальти сериясында 6:5 есебімен басым түсті.

Өткен маусымда «Қайрат» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан еді. Плей-офф кезеңінде алматылық клуб шотландиялық «Селтикті» жарыстан шығарған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары