Malim.kz
Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас пен қызы елді шулатты

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: видеодан скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртас Астанада өтетін концертіне қызу дайындалып жатыр. Өнер иесінің дайындық сәттерінен түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Malim.kz

Желі қолданушылары видеодан әншінің қызы Алаумен бірге дайындалып жүргенін байқап, әкелі-қыздының концертте бірге өнер көрсетуі мүмкін екенін топшылаған.

Бұл жайт оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі олардың бірге ән айтатынын сұраса, енді бірі Қайрат Нұртастың шығармашылығына қатысты сыни пікірлерін ашық жазған.

Пікір қалдырғандардың арасында "Екеуінің дауысы бірдей", "Алау мен Нарұл өнерге жақын", "Қызы екеуі ән айта ма?" деген болжамдар да, "Не үшін дайындалып жатырсыңдар?", «"Фонограмма қосып, ауыз жыбырлатасыңдар" деген сын да болды.

Әзірге Қайрат Нұртас қызы Алаумен бірге Астанадағы концертте өнер көрсететіні ресми түрде жарияланған жоқ.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары