Malim.kz
Спорт

"Қайрат" – "Панатинаикос": Матч қашан басталады және тікелей эфирді қайдан көруге болады?

• Мадияр Қапанбек
Фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі

Бүгін, 22 қазанда алматылық "Қайрат" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші кездесуін өткізеді. Қазақстандық команда Грекияның "Панатинаикос" клубын өз алаңында қабылдайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Матч Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталу уақыты – Қазақстан уақытымен сағат 19:30.

"Қайрат" – "Панатинаикос" матчын қайдан көруге болады?

Екі команда арасындағы кездесуді жанкүйерлер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Матч туралы негізгі ақпарат:

"Қайрат" Конференция лигасын қалай бастады?

Алматылық команда еурокубоктағы алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізді.

Бірінші турда "Қайрат" Латвияның "Рига" клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен. Ал бүгінгі қарсыласы "Панатинаикос" жалпы кезеңді жеңіспен бастады. Грекиялық клуб Босния және Герцеговинаның "Борац" командасын 2:1 есебімен ұтқан.

Бұл кездесуде "Панатинаикос" сапынан Сирил Дессерс пен Кингс Кангва гол соққан.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары