Malim.kz
Спорт

«Қайрат» пен «Ақтөбе» матчын қайдан көруге болады

Арман Қайыпхан
Фото: ҚФФ

Бүгін, 16 наурызда, футболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында жеті матч өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ойын кестесі:

«Ұлытау» – «Қызылжар» (14:00)

«Елімай» – «Алтай» (15:00)

«Тобыл» – «Жетісу» (17:00)

«Ертіс» – «Атырау» (19:00)

«Қайрат» – «Ақтөбе» (19:00)

«Қайсар» – «Астана» (19:00)

«Жеңіс» – «Ордабасы» (20:00)

Сағат 19:00-де өтетін «Қайрат» – «Ақтөбе» матчы турдың ең тартысты кездесулерінің бірі болмақ. Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Бірінші турда «Қайрат» чемпиондық атағын қорғауды сәтті бастап, «Алтайды» 1:0 есебімен жеңген еді. Кездесудегі жалғыз голды 64-минутта португалиялық жартылай қорғаушы Жоржиньо соқты.

Осы жеңістен кейін алматылық клуб чемпионат көшбасшыларының қатарына қосылды. Ал «Ақтөбеге» қарсы матч турдың орталық ойыны саналады. Себебі екі команда да жүлделі орындарға таласатын басты үміткерлердің қатарында.

Алматыдағы ойыннан кейін «Қайрат» маусымды сырт алаңда жалғастырады. 21 наурызда команда Талдықорғанға барып, «Жетісумен» ойнайды.

«Тобыл» – «Жетісу» және «Қайрат» – «Ақтөбе» матчтарын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді болады. Бұдан бөлек, барлық ойындарды KFF League YouTube-арнасынан көруге болады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары