Malim.kz
Шоу-бизнес

"Қалай мен мама деп айтамын?": Бүркіт енесіне қатысты ұстанымын айтты

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Танымал әнші Бүркіт жұбайы Аишаның анасын неліктен "мама" деп атамайтынын түсіндірді. Өнер иесі "Көреміз" бағдарламасында енесімен арадағы жас айырмашылығы туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің сөзінше, енесі өзінен небәрі бес жас үлкен. Сондықтан оған "мама" деп сөйлеу өзіне ыңғайсыз екенін жасырмады. Бүркіт бұл атауды өзінің туған анасына ғана айтатынын жеткізді.

"Мама деп айтпаймын. Бұл кісі менен 5-ақ жас үлкен. Қалай мен мама деп айтамын? Міне, менің мамам, біреу-ақ", – деді Бүркіт.

Бағдарламада әңгіме тек күйеу бала мен ененің қарым-қатынасымен шектелген жоқ. Аишаның анасы қызының болашақ жарымен қалай танысқанын да еске алды.

Оның айтуынша, Бүркіт алғашында Аишаны өзінің концертіне шақырған. Сұхбат барысында осы таныстықтың жайы сөз болып, өнерлі жұптың ортақ өміріне қатысты естеліктер айтылды.

Бүркіт пен Аиша көпшілікке отбасылық әрі шығармашылық жұп ретінде таныс. Екеуі сахнада бірге ән айтып, бейнебаяндар түсіреді. Жеке шығармашылықтарымен қатар, ортақ әндерін де тыңдарманға ұсынып келеді.

Бүркіт кім?

Бүркіттің шын есімі – Айбек Жансейітов. Ол 1978 жылы 12 шілдеде Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақстандық эстрадада әнші, композитор және продюсер ретінде танылған.

2002 жылы продюсер Евгений Жағалтаевпен танысқаннан кейін "Бүркіт" сахналық атымен жеке шығармашылығын бастаған. Тыңдарманға "На крыльях из серебра", "Медея", "Хабиби" секілді әндерімен белгілі.

Әншіліктен бөлек, кино саласында да жұмыс істеген. Оның шығармашылық жолында "Логово" және "Загадай желание" фильмдері бар.

2010 жылы әнші Аишамен отбасын құрған. Жұбайының шын есімі – Виктория Жансейітова. Екеуі "Островок", "Туған жер", "Асылым" сияқты әндерді бірге орындаған.

Бүгінде өнерлі жұп төрт бала тәрбиелеп отыр. Бүркіт сұхбаттарында әке болу жауапкершілігіне де тоқталып, балаға дұрыс үлгі көрсету үшін ата-ананың алдымен өзін тәрбиелеуі қажет деген пікірін айтқан.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары