Malim.kz
Сұқбат

Қаңтар айында төтенше жағдай болған аймақтан 97 мәйіт шығарылған

Malim Админ

Биыл қаңтар айында «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 527,6 мың қоңырау түскен. Finprom мәліметінше, бұл көрсеткіш былтырғыдан 11,6%-ға аз.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен Республикалық жедел-құтқару жасағы осы жылдың бірінші айында 1,1 мың адамды құтқарған. 1,6 мың адамды эвакуациялап, 14 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Сондай-ақ, төтенше жағдай болған аймақтан 97 адамның денесі шығарылған.

«Шұғыл көмекке 4,3 мың, авариялық-құтқару жұмысы – 1,4 мың жағдай, 906 - өртке қатысты, 1,3 мың басқа да өрт оқиғасына қатысты шақырту болған.  Ал  көрінеу жалған шақырту - 13, расталмаған өрт  фактісі – 307», - деп жазды Finprom.  

Фото: ашық дереккөзден 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары