Malim.kz
Құқық

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

Malim Админ

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде Қаңтар оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін  үкім шығарды.


Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді.

«Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге дене азабы келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - деп жазды Бас прокуратура.

Фото: Shutterstock 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары