17 қарашада Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Ал елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп Malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Үш мегаполистегі ауа райы
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы −8…−6°C-қа дейін төмендеп, күндіз +2…+4°C-қа көтеріледі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде −4…−2°C, күндіз +5…+7°C болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жел соғады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде тұман күтіледі. Температура түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метрге жетеді.
Барлық облыстағы болжам
Ақмола облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде −9…−4°C, күндіз 0…+5°C болады. Оңтүстіктен секундына 9–14 метр жел соғады.
Ақтөбе облысында жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігі мен шығысында көктайғақ, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде −3…+2°C, күндіз 0…+5°C болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді.
Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Температура түнде −3…+2°C, күндіз +2…+7°C болады. Солтүстік-батыстан секундына 5–10 метр жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар, күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Бірқатар ауданында тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде −5…0°C, күндіз 0…+5°C болады. Солтүстік-батыстан секундына 7–12 метр жел соғады.
Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі. Түнде 0…+5°C, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде −3°C, күндіз +3…+8°C болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Қостанай облысында түнде жауын-шашын болмайды, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Температура түнде −5…0°C, күндіз 0…+5°C. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман мен көктайғақ болады. Түнде −6…−1°C, күндіз −3…+2°C болжанады. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 метрге жетеді.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, батысында, шығысында және орталығында тұманды ауа райы күтіледі. Түнде −9…−4°C, күндіз −2…+3°C болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жел соғады.
Қарағанды облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Температура түнде −10…−5°C, оңтүстігінде −2°C, шығысында −18…−13°C болады. Күндіз −2…+3°C, оңтүстігінде +6°C күтіледі. Шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–18 метрге жетеді.
Ұлытау облысында түнде жауын-шашын күтілмейді. Күннің соңында батысында аздаған жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Түнде −8…−3°C, күндіз +1…+6°C болады. Шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 метрге жетеді.
Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Түнде −8…−3°C, күндіз −2…+3°C, оңтүстігінде +8°C болады. Шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, күндіз оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Түнде −9…−4°C, таулы аудандарда −13°C, күндіз 0…+5°C, тауда −3°C болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, күндіз оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні 15–20 метрге жетеді.
Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Температура түнде −6…−1°C, тауда −16…−11°C, күндіз +5…+10°C, тауда −3…+2°C болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, жекелеген аудандарда 15–20 метрге, шығысында кей уақытта 23–28 метрге дейін күшейеді.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Түнде −10…−5°C, тауда −13°C, күндіз +3…+8°C, тауда −1°C болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады. Алакөл маңында жел 15–20 метрге, екпіні 23–28 метрге жетіп, күндіз кей уақытта секундына 30 метрден асады.
Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Түнде −6…−1°C, оңтүстігінде +3°C, күндіз +10…+15°C, тауда +5°C болжанады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және тауда жел 15–20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.
Түркістан облысында түнде жауын-шашын болмайды. Батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, тауда жаңбыр мен қар жауады. Түнде 0…+5°C, солтүстігі мен тауда −3°C, күндіз +12…+17°C, солтүстігі мен тауда +7°C болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жел соғып, күндіз солтүстігінде екпіні 15–20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар, күндіз шығысы мен орталығында аздаған жаңбыр жауады. Бірқатар ауданында тұман күтіледі. Түнде −2…+3°C, күндіз +3…+8°C, оңтүстігінде +11°C болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, түнде шығысында екпіні 15–20 метрге жетеді.