Malim.kz
MALIMet

Қар, жаңбыр және қатты жел: 14 қазанда ауа райы қандай болады?

• Алуа Әшірбекова
фото: ЖИ арқылы жасалған

14 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Батыста шаңды дауыл көтеріліп, Алакөл маңында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет болжамына сүйеніп, Malim.kz хабарлайды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде +1…+3, күндіз +14…+16 градус болады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +19…+21 градусқа жетеді. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +8…+10, күндіз +24…+26 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын болмайды, күндіз солтүстік пен шығыста аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Түнде +1…+6, солтүстік-батыста -1 градус; күндіз +13…+18, солтүстік пен шығыста +10 градус болады. Батыстан 9-14 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болады. Түнгі температура +3…+8, батыс пен оңтүстікте +11, солтүстікте -1 градусқа дейін өзгереді. Күндіз +21…+26 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады.

Алматы облысында түнде жауын-шашын болмайды, күндіз оңтүстік-шығыста аздаған жаңбыр жауады. Түнде +5…+10, таулы аудандарда –3…+2 градус; күндіз +18…+23, тауда +10…+15 градус болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, шығыста екпіні 18 м/с-қа жетеді.

Атырау облысында түнде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз батыста аздаған жаңбыр жауып, солтүстік пен шығыста шаңды дауыл көтеріледі. Түнде +13…+18, шығыста +10 градус; күндіз +22…+27 градус болады. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғып, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік пен орталықта шаңды дауыл күтіледі. Түнде +8…+13, оңтүстікте +15 градус, күндіз +22…+27 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз оңтүстік пен орталықта екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+10, таулы аудандарда +2 градус; күндіз +18…+23, тауда +15 градус болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +6…+11, орталық пен таулы аудандарда +2 градус, күндіз +20…+25, тауда +15 градус болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Алакөл маңында жел екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысында түнде жауын-шашын болмайды. Күннің екінші жартысында солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады. Түнде және таңертең осы аудандарда тұман түседі. Түнгі температура 0…+5, оңтүстікте +8, шығыста +3 градус болады. Күндіз +13…+18, оңтүстікте +21 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғып, күннің екінші жартысында солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр, қар жауады. Күндіз осы аудандарда жаңбыр күтіледі. Батыс пен солтүстікте тұман түседі. Түнде +2…+7, солтүстік пен шығыста -1 градус; күндіз +16…+21, солтүстікте +12 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с.

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Түнде +7…+12, күндіз +22…+27 градус болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғып, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында түнде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз батыс пен орталықта жаңбыр жауып, орталықта шаңды дауыл көтеріледі. Түнде +13…+18, шығыста +10 градус; күндіз +22…+27 градус болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғып, батыс пен орталықта екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында түнде орталықта аздаған жаңбыр мен қар, солтүстік пен шығыста жаңбыр, қар жауады. Күндіз орталықта аздаған жаңбыр, оңтүстік пен шығыста жаңбыр күтіледі. Солтүстік пен орталықта тұман түседі. Түнде +2…+7, солтүстікте -1 градус, күндіз +6…+11 градус болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, күндіз батыс пен солтүстікте екпіні 18 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр, қар жауады. Күндіз батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман болады. Түнде +2…+7, солтүстік-шығыста -1 градус; күндіз +5…+10, оңтүстік-батыста +13 градус болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғып, күндіз батыс, оңтүстік және шығыста екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысында жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде +8…+13, тауда +4 градус; күндіз +23…+28, тауда +20 градус болады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғып, батыс пен таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр, шығыс пен таулы аудандарда жаңбыр және қар жауады. Батыс пен солтүстікте тұман түседі. Түнде +2…+7, шығыста -2 градус; күндіз +8…+13, шығыста +5 градус болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, солтүстік пен шығыста екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Абай облысында батыс, солтүстік және орталық аудандарда жаңбыр жауады. Оңтүстік пен солтүстікте тұман күтіледі. Түнде +2…+7, шығыс пен орталықта -1 градус; күндіз +10…+15, оңтүстікте +18 градус болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, солтүстік пен орталықта екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде +5…+10, солтүстікте +1 градус; күндіз +18…+23 градус болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары