Malim.kz
MALIMet

Қар жауып, көктайғақ болады: 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

17 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада күн құбылмалы болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде −3…−1, күндіз +10…+12 градус. Желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с болады.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+3, күндіз +13…+15 градус жылы болады. Топырақ бетінде 1–3 градус үсік жүреді. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде +8…+10, күндіз +22…+24 градус жылы. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. www.zakon.kz

Абай облысында күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей аудандарда тұман түседі. Түнде −7…−2, күндіз +5…+10 градус. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр күтіледі. Тұман түседі. Түнде +1…+6, оңтүстігі мен шығысында −3 градусқа дейін суытады. Күндіз +7…+12 градус. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде 0…+5, солтүстік-шығысында −3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +17…+22 градус. Жел 7-12, екпіні 15 м/с болады.

Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі, оңтүстігінде +3 градус. Күндіз +12…+17 градус. Жел – 9-14 м/с.

Атырау облысында аздаған жаңбыр жауып, шаңды дауыл соғады. Түнде +10…+15, күндіз +19…+24 градус. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Тауда тұман түсіп, кей аудандарда үсік жүреді. Түнде 0…+5, күндіз +12…+17 градус. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында түнде 3-8 градус үсік күтіледі. Күндіз +12…+17 градус жылы болады. Жауын-шашынсыз. Алакөл маңында желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шаңды дауыл мен тұман күтіледі. Түнде +5…+10, күндіз +18…+23 градус. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысында кешке аздаған жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде −6…−1, шығысында −9 градусқа дейін суытады. Күндіз +10…+15 градус. Жел екпіні – 15 м/с.

Қостанай облысында түнде және таңертең аздаған жаңбыр мен қар жауады. Тұман күтіледі. Түнде +2…+7, күндіз +13…+18 градус. Жел – 9-14 м/с.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл соғады. Түнде +2…+7, күндіз +15…+20 градус. Солтүстігінде топырақ бетінде үсік жүреді. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында жауын-шашын болмайды, шаңды дауыл күтіледі. Түнде +14…+19, күндіз +23…+28 градус. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Тұман түседі. Түнде 0…+5, күндіз +7…+12 градус. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, оңтүстігінде көктайғақ болады. Тұман күтіледі. Түнде +2…+7, күндіз +7…+12 градус. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Тауда тұман түседі. Түнде +7…+12, күндіз +20…+25 градус. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 0…+5, шығысында −5 градусқа дейін суытады. Күндіз +11…+16 градус. Жел – 9-14 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Тұман түседі. Түнде солтүстігі мен шығысында −9 градусқа дейін суытады. Күндіз +3…+8, шығысы мен тауда −1 градусқа дейін төмендейді. Жел екпіні – 15-20 м/с.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары